Үш ауылда өрт сөндіру бекеті ашылды

сайт1Қостанай облысының Науырзым ауданының Шолақсай ауылында, Қарасу ауданының Амангелді ауылында және Арқалық қаласы маңындағы Молодежное ауылдарында үш өрт сөндіру бекеті ашылды.
Жаңа бекеттер заманауи техникалармен, арнайы өрт сөндіргіш құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл өрт сөндірушілерге далада немесе елді мекендерде пайда бола қалған тілсіз жауға қарсы жедел түрде әрекет етуге мүмкіндік береді.
сайт3
Осы аудандардың тұрғындары үшін өрт сөндіру бекеттерінің ашылуы маңызды оқиға. Мемлекеттік өртке қарсы бөлімшелердің алыс болуына байланысты, көбінесе, жергілікті өрттер өрт сөндірушілер көмегі келгенге дейін өрт елеулі ауқымды шарпып үлгереді. Енді жаңадан құрылған өрт сөндіру бекеттерінің төтенше жағдайға дер кезінде шығуы, келтірілуі ықтимал залалды азайтуға мүмкіндік береді.   
сайт2  
Өрт сөндіру бекеттерінің салтанатты ашылуына ТЖД аумақтық бөлімшелерінің бастықтары, әкімдік өкілдері және өрт сөндіру бекетінің жеке құрамы қатысты. Шақырылғандар өрт сөндіру бекетінің техникасын қарап шықты, сондай-ақ жеке құрам үшін тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлармен танысты.
сайт4
Айта кету керек, 2014 жылдан бастап жалпы халық саны 67 мыңнан астам 105 елді мекенді қосымша өртке қарсы қорғаумен қамтамасыз ететін 35 өрт сөндіру бекеті құрылды. Барлық бекеттер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің базасында құрылған және қажет болған жағдайда дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру үшін тартылады.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓