Тұрғын үй пайдалануға берілді

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Меңдіқара ауданының Боровской ауылында 16 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Жаңа үйдің кілттері әлеуметтік осал топтар мен мемлекеттік қызметшілерге табысталды.
Аудан әкімі Нұрлан Қатарбеков баспана иелерін құттықтап, аталған іс-шараның маңыздылығына ерекше тоқталды. Еліміздегі әр отбасыны баспанамен қамту мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты екенін атап өтті.
Мереке қарсаңында үйлі болған отбасылардың қуанышында шек жоқ. «Өз үйім – өлең төсегім» демей ме. Жеке баспананың болғанын бәрі қалайды. Бүгін Боровскойдағы 16 отбасы жаңа үйдің кілтін алып, шат-шадыман күй кешуде. Мұндай қуанышты жаңалық баршаға жұғысты болсын дейміз.
-Тұңғыш Президент күнінің қарсаңында пәтер кілтін алдық. Қуанып отырмын. Өз баспанаңның болғаны жақсы ғой. Елбасының сарабдал саясатының арқасында көпбалалы, жағдайы төмен, толық емес отбасылар үйлі болуда. Осы орайда мемлекеттің қолдауына ризашылығымды білдіргім келеді. Жақсы іске мұрындық болған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов пен аудан басшысы Нұрлан Қатарбековке алғыс айтамын,-деді көпбалалы ана Татьяна Лавриенко.
DSC_1116 DSC_1127 DSC_1128

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓