Жаңа спорт нысаны ашылды

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Қарасу ауданының Октябрь кентінде жаңа спорт кешені пайдалануға берілді. Жергілікті кәсіпкер Максим Артемук қалтасынан қомақты ақша шығарып, жерлестері үшін тамаша тарту жасады.
Жалпы, Қарасу өңірінен халықаралық жарыстарда ел қоржынына олжа салған талай спортшы шыққан. Олардың арасында октябрлік оғландар да бар. Сондықтан, ауылынан заман үлгісіне сай спорт кешенін салу кәсіпкердің көптен бері ойында жүр еді.
6777d611-8906-45a8-b1fb-e28d728bd3e8
«Триумф» спорт кешенінде футбол, баскетбол, волейбол, стол теннисі, шахмат, гір көтеру, ауыр атлетика, дойбы, гимнастика тәрізді он үш секция жұмыс істейді. Әр секция соңғы үлгідегі спорт құралдарымен жабдықталған. «Біздің ауылда бүгін айтулы күн. Спортшылар көптен бері армандап жүрген тамаша спорт комплексі ашылып жатыр. Дәл мұндай спорт кешені кей қалада жоқ деп батыл айта аламын. Мұнда кез келген ауыл тұрғыны келіп, қалаған спорт түрлерімен тегін айналыса алады», — дейді спорт ардагері Анатолий Коршуков.
1f4ac643-1bbc-4c67-b60d-f0de91487685
Жаңа спорт кешенінде болашақ чемпиондарды әзірлеу үшін еліміздің түкпір-түкпірінен жаттықтырушы мамандарды шақырмақ. Спорт мамандарының айтуынша, бұл нысан болашақ олимпиада чемпиондарын дайындауға таптыртпайтын орын. «Бұған дейін біздің спортшылар көптеген халықаралық, республикалық жарыстардың жүлдесін жеңіп алды. Біз енді осында жаттығатын боламыз. Бұл спорт кешені менің жерлестерімді жаңа жетістіктерге жетуге шыңдайды.
Алдағы уақытта талай биікті бағындырамыз деп ойлаймын»,-дейді дзю-до күресінің жаттықтырушысы Николай Парфенов.
Қарасу аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Сауытбаевтың айтуынша, жаңа спорт кешені пайда болғалы оннан астам жаңа жұмыс орны ашылған. Бес жаттықтырушы штатқа енгізілді.
d5e2d940-31df-42ad-a8aa-db41db46086b
«Триумф» спорт кешенің жалпы аумағы 1,800 шаршы метр. «Железнодорожное АМФ» ЖШС директоры Максим Артемук кешенді салуға 250 млн теңгеден астам қаржы жұмсаған. Айтуынша, спорт кешенінің айналасы түгел абаттандырылған. Ағаштар отырғызылып, төсемтас төселген. Гүлзарлар пайда болған.
М. Артемук облысқа ғана емес, елімізге танымал меценат. Ел алғысын арқалаған азаматтың қайырымдылық жолындағы еңбегі бірнеше рет жоғары деңгейде атап өтілді. Нағыз отаншыл азамат туған ауылының, жерлестерінің әлеуметтік әл-ауқаты арттыруды өзінің азаматтық парызы санайды. «Жалпы, адам баласы қандай биікке көтерілмесін қайдан шыққанын есте сақтау керек. Менің бойымдағы осы қасиет ата-анамның берген тәрбиесімен бойыма дарыды. Сондықтан болар, мен туып-өскен ауылымды ешбір байлыққа айырбастай алмаймын. Ал, барлық атқарлып жатқан игі істер менің перзенттік борышым деп есептеймін»,-дейді меценат.
Жаңа спорт нысанын пайдалануға беру пандемияға байланысты онлаин жағдайда өтті. Оған аудан әкімі Виктор Радченко, серіктестік басшысы Максим Артемук қатысты.
9438f0eb-4ddf-4886-8c6f-02f56d10652b ab4c90c4-5f12-4147-9e25-fcad6d9e9a41 ae756458-948e-4b50-9461-437a8e676d9d
Қарасу ауданы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓