Жасампаз «Жас маман»

сайт5
Өткен жылы өңіріміздің он колледжі республикалық «Жас маман» бағдарламасына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Соның арқасында білім ордалары қажетті құрал-жабдықтарын жаңартып алмақ. Биыл үш колледжге 969 млн теңге бағытталса, қалғандары келер жылы қондырғылармен қамтылады.

 

сайт4
сайт3
 
Қостанай автокөлік колледжінің жаңғырту жұмыстарына 320 млн теңге бөлініп отыр. Қазіргі таңда мұнда қозғалтқыш пен жылдамдыққа ауыстыру қорабын шешіп-құрастыру стендтері, қозғалтқыш пен жылдамдыққа ауыстыру қораптары, «СарыарқаАвтоПром» зауытының үш автокөлігі бар. Сондай-ақ, бөлінген қаражатқа 3 зертхана (қара металдар металлургиясы; метрология және өнім сапасы; электрлік өлшеу және бақылау-өлшеу құралдары), 2 шеберхана (жону ісі және металл өңдеу; механикалық өңдеу және автоматтандыру) ашылып отыр.

 

сайт7
— Алдағы жылдары өңірімізде «КамАЗ» жүк көлігінің белдігіне арналған шойын құймалары мен компоненттері зауыты салынбақшы. Демек, біздің өндірісімізге кадрлар керек деген сөз. Биыл жаңадан қара металдар металлургиясы, жону ісі, өндірісті автоматтау, металл өңдеу қатарлы мамандықтар ашылды. Тағы бір мамандыққа лицензия алуға әзірлік жүріп жатыр, — дейді колледж директорының орынбасары Фуат Искаков.
Колледждің қамқоршылық кеңесінің төрағасы, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС директорының орынбасары Сергей Могилатовтың сөзінше, жаңа құрал-жабдықтар студенттердің шынайы зауыт ортасына тез бейімделіп кетуіне зор септігін тигізбек. Ал өнеркәсіпте маман тапшылығы бар. Егер өткен жылы зауыт 25 мың автокөлік шығарған болса, биыл бұл сан 39 мыңға жетпекші.
сайт2

Қазіргі таңда Қостанай автокөлік колледжінің студенттері қашықтық форматында білім алуда. Індет аяқталып, жаймашуақ күн келген сәттен оқуларына оралып, жаңа құрал-жабдықтармен жұмысын бастамақшы.

сайт 1
Айта кетейік, «Жас маман» жобасы «Жастар — Ел тiрегi» ұлттық жобасының бір бөлігі ретінде 2019 жылдың 23 қаңтарында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жастар жылының ашылу салтанатындағы тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып отыр.

 

сайт6
           

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓