«Тобыл» – күміс жүлдегер!

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің аяқталуына бір тур қалды. Дегенмен, чемпион және жүлдегерлер толық анықталды. Биыл чемпиондық атақ Алматының «Қайратына» бұйырды. Ал 20-турда Қостанайдың «Тобылы» – күміс, елордалық «Астана» қола медаль иегері атанды.
rOVqp1QeJ40
Қостанайлықтар «Тараз» командасынан 2:0 есебімен басым түсіп, күмісті еншіледі. Ойынның алғашқы бөлігінде команда капитаны Азат Нұрғалиев пенальтиден есеп ашты. Екінші таймда алаңға тыңнан қосылған Роман Мұртазаев қорытынды нәтижені белгіледі. Есеп – 2:0!
Осылайша қостанайлық команда 38 ұпай жинап, Премьер-лиганың аяқталуына бір тур қалғанда «Астанадан» бес ұпайға ұзап кетті. Еске салсақ, «Тобыл» бұдан бұрын 2003, 2005, 2007, 2008 жылдарда «күміс» жүлдеге қол созды. Ал 2010 жылы Қазақстан чемпионы атанса, 2002, 2004, 2006, 2018 жылдарда үшінші орын алды.
IMG_3749
Ел біріншілігінің жүлдегерін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов әлуметтік желіде құттықтағанын айта кетейік. Сонымен қатар команда ойыншысы Самат Жарынбетов «Қостанай таңы» үшін шағын сұхбат берді.
– Барша облыс тұрғындарын осынау айтулы жетістікпен құттықтаймын. Бірінші турдан бастап бізге жанкүйерлік танытқан қостанайлықтарға алғысымды білдіремін. Сондай-ақ маусым бойы ақпараттық қолдау білдірген «Қостанай таңының» сайтына рахмет айтамын. Биылғы міндетті орындадық, ал келесі жылы жоспар көп. Осынау қауіпті індеттен арылып, жанкүйерлермен алаңда қауышқанша асықпыз, — деп ағынан жарылды Самат.
IMG_3872
 

 
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓