Облыста қандай жобалар іске асады?

А.Мұхамбетов қолданыстағы қарапайым заттар экономикасы аясында, өңірде енгізілетін жобалар туралы айтты.Без названия"Агроөнеркәсіптік кешен саласында «Қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде биыл қуаты жылына 20 мың тонна өнім шығаратын ет өңдеу кешенін іске қосамыз. Арқалықта «Торғай ЕТ» ет өңдеу зауытының негізгі шикізат жеткізушілері 5000 бас ірі қара малға арналған бордақылау алаңы және 2500 басқа арналған асыл тұқымды репродуктор салынып жатыр. Қарабалық ауданында «Poultry Agro» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қуаты 12,5 мың тонна құс етін құрайтын бройлер құс фабрикасын ұйымдастыру бойынша жобаны іске асыруда, бұл облысқа өнім импортын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді", — деді аймақ басшысы.
Облыс әкімі атап өткендей, жаңартылатын энергия көздері саласында Қостанай ауданында «Жел Электрик» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қуаты 50 МВт болатын «Ыбырай» жел электр станциясының құрылысын жалғастыруда. Жоба шеңберінде 16 жел генераторының құрылысы көзделіп отыр.
Мұның сыртында, Қостанай облысының 775 км автокөлік жолы ағымдағы жылы қайта жаңартылды және жөнделген. Елді мекендер жолдарының барлық санаттары мен көшелерін қалпына келтіруге, сондай-ақ оларды күтіп-ұстауға рекордтық 68,0 млрд теңге бағытталды, бұл 2019 жылғы көлемнен іс жүзінде 2 есе артық. жол"Бұл облыстың барлық автожолдарының 775 км қайта жаңғыртуға және жөндеуге мүмкіндік берді. Облыстың барлық аудандары мен қалаларының көшелері жөндеумен және қайта жаңғыртумен қамтылды. Жалпы, белгіленген жоспарларды іске асыру жолдардың қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 69%-тен 75%-ке дейін арттыруға мүмкіндік береді", — деді А.Мұхамбетов.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓