Індет экономкаға іркіліс әкелген жоқ

Бұл туралы Қостанай облысының әкімі А.Мұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өтіп жатқан «Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы» онлайн баспасөз-конференциясында айтты.Архимед1
«Коронавирустық инфекцияның алғашқы толқыны кезінде іс жүзінде  барлық дерлік өнеркәсіптік кәсіпорындары әдеттегі режимде жұмыс істеді, шығарылатын өнімдер көлемі сақталды. Олардың өндірістің іркіліссіздігін қамтамасыз ету, шикізат жеткізу, жұмыспен қамтуды сақтау жөніндегі шараларды көздейтін дағдарысқа қарсы жоспарлары бар. Аграршылар да көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын уақтылы жүргізді. Сондықтан, бүгінгі күні жыл қорытындысы бойынша біз жалпы өңірлік өнім шамамен 3%-ке өседі деп күтудеміз», — деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ ол өңірдегі өнеркәсіп өндірісі туралы баяндай кетті.
 «Биылғы жылдың 10 айында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер оң динамикаға ие: өнеркәсіп өндірісінің өсуі 6,9% – ды (оның ішінде өңдеу өнеркәсібі – 19,3%-ға), құрылыс жұмыстары 23%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру- 9,5%-ға, ауыл шаруашылығы 21,3%-ға, ал негізгі капиталға инвестициялардың өсуі 11,0%-ды құрады», — деді А.Мұхамбетов.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓