Жедел жәрдем көлігі табысталды

Амангелді аудандық ауруханасына жаңа үлгідегі УАЗ- PROFI жедел жәрдем көлігі табыс етілді. Бұл көлікті Қостанай облысы медициналық кезек күтірмейтін жедел жәрдем станциясы мекемесінің бас дәрігері Ирина Штейгервальд арнайы келіп, салтанатты түрде табыстады. Бұл туралы аудандық "Амангелді арайы" газетінің "Фейсбук" желісіндегі парақшасында жазылды.127444747_3515950008491071_2655759553580096407_oКөлік мандандырылған реанимациялық емдік шаралар көрсетуге мүмкіндік беретін медициналық құралдармен жабдықталған. Атап айтсақ, портативті өкпені жасанды желдету аппараты, дефибриллятор, электрокардиограф, реанимациялық көмек чемоданы, жылжымалы зембіл, пульсоксиметр, редуктор-ингалятор және электрлі сорғыштар бар.127752287_3515950525157686_5629618819418838416_o127233853_3515951655157573_2418983845253550663_o127768580_3515950931824312_2204377396812821389_o-Өздеріңіз білесіздер, казіргі таңда короновирус індеті өршіп тұр. Жедел жәрдем шақырған науқастарға тез арада алғашқы медициналық көмек көрсетілуі керек. COVID-19 індетіне шалдыққандардың тыныс алуы қиындайды. Сондықтанда 24 литр оттегі бар балондар қойылған. Науқастар мен медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі қамтамасыз етілген. Жүргізушінің қабинасы оқшауланып бөлінген. Әр салонда сору желдеткіші және әр реанимобильде кондиционер мен жылыту жүйесі бар. Бұл жедел жәрдем көлігінің ерекшелігі де осында. Жаңа қөліктеріңіз құтты болсын. Ел игілігіне қызметіне жарасын. Халық үшін жасап жатқан жанкешті жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін,- деді Ирина Штейгервальд көлік кілтін табыстау барысында.127787654_3515951261824279_8613685959003651159_o127553882_3515950791824326_7234340556141017006_o-Казіргі таңда аудандардың жедел жәрдем көліктерін басқару Қостанай облыстық медициналық кезек күтірмейтін жедел жәрдем стансиясының қарамағына өткеніне 2 жылдай уақыт болды. Казіргі таңда біздің станцияда 6 фельдшер және 4 жүргізуші жұмыс істейді. Бұрын 2 жедел жәрдем көлігі халыққа қызмет көрсететін. Енді міне, тағыда су жаңа «УАЗ- PROFI» жедел жәрдем көлігі келіп бізді қуантып тастады. Көлік іші алғашқы көмекке қажет медициналық құралдармен толық жабдықталған. Іші өте жайлы, жылы. Тыныс алу аппараттары қойылған. Енді нуқастарға алғашқы көмек дер кезінде көрсетілетін болады,- дейді аудандық жедел жәрдем станциясының аға фельдшері Гүлмира Молдағалиқызы.127623928_3515951931824212_4713273333326388344_o

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓