COVID-19: +63

25 қарашада Қостанай облысында коронавирус 63 адамнан табылды. Бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 1,3 % құрады. коронавирусСырқатқа Қостанай қ.– 31 адам, Рудный қ. – 12, Әулиекөл ауданында – 8, Алтынсарин ауданында – 2, Денисов ауданында – 2, Қамысты ауданында – 2, Меңдіқара ауданында – 2, Лисаков қ. – 1, Сарыкөл ауданында – 1, Ұзынкөл ауданында – 1, Б. Майлин атындағы ауданда 1 адам шалдықты.  
44 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 11 адам коронавирус инфекциясы расталған адамдармен байланыста болған күдікті ретінде, 8 адам эпидемиологиялық қадағалау мақсатында (аурухаға жоспарлы жатқызудың алдында) тексерілген. 
Індет жұқтырғандардың ішінде 38 адам аурудың симптомды, 25 адам симптомсыз түріне шалдыққан.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 25 қараша аралығында COVID-19-ды  4976 адам жұқтырып, 3759 адам емделіп шыққан.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓