Браконьерлер құрықталды

Қамысты ауданындағы "Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасы барысында заңсыз аң аулады деген күдікпен бірнеше адам ұсталды.a8b7f3eb-b67f-4984-a450-e80942e15f3aПатрульдік полиция қызметінің аға инспекторы полиция капитаны Саят Әбілкәкімов және патрульдік полиция тобы қызметінің инспекторы полицияның аға сержанты Алмат Өтепов Қамысты ауылына кіре берісте "Mitsubishi Pajero" маркалы автокөлікті ұстады. Онда үш жергілікті тұрғын болған.
Көлікті тексеру барысында патрульдік полиция қызметкерлері еліктің кесілген етін, сондай-ақ өлтірілген жануардың қанымен ластанған екі мылтық, пышақ және жеке заттарды тәркіледі.3d4d8c1e-fd8d-4a5b-a24c-b9e9f0928c6aАталған факті Қылмыстық кодекстің 337-бабы бойынша тіркеліп, тергеу жүргізілуде.
Айта кету керек, полицейлер табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу мақсатында үнемі рейдтік іс-шаралар өткізіп тұрады. Ол үшін облыста 62 мобильді топ құрылды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓