Мал асылдандыру жұмысы нәтижелі

Өңірде асыл тұқымды ірі қара мал басының өсуі байқалады. Қостанай облысында өткен жылы асыл тұқымды мал өсіруге 6,5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген еді. Оның нәтижесін шаруашылықтардан көруге болады. unnamedМал басын асылдандыру бағдарламасына қатысқандардың бірі – Алтынсарин ауданының фермері Мақсұт Тәшетов. Ашылғанына 10 жылдан асқан оның шаруашылығында бүгінде мыңнан артық асыл тұқымды ірі қара бар.  
«Малдың салмағы 450-500 кг жеткенше бордақылаймыз. Содан соң сатылады. Қазір әр сиыр тәулігіне 1 кг дейін салмақ қосады. Бұдан бірер жыл бұрын 700 г ғана еді. Бұл жетістік қолданылып отырған жаңа технологияның арқасы», — дейді шаруашылық басшысы.  
Ауданда мемлекеттік бағдарламаға қатысып, мал шаруашылығымен айналысушылар қатары жылма-жыл көбейіп келеді.
«Биыл «Еңбек» бағдарламасы аясында кәсіп ашамын деген азаматтарға 68 млн теңге қаралған еді. Оның көп бөлігі мал шаруашылығын дамытуға бөлінді», — дейді Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасары Ержан Самидосов.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓