Көгілдір отынмен қамтылады

газификацияСоңғы төрт  жылда елдімекендерді  газбен қамту  жұмыстарының арқасында өңірде 179 мың 390 шаңыраққа көгілдір отын жеткен. Облыс әкімдігі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қостанай өндірістік филиалының арасында «Газбен қамту жүйелерін тарту, техникалық жабдықтау» меморандумы жасалған. Келіссөз шеңберінде 2016-2020 жылдар аралығында облыстың елді мекендерін газдандыруға 13,4 млрд теңге жұмсалды. Биыл бұл жұмысқа 
3,32 млрд теңге қаржы бөлінді.  Мәселен, былтыр Алтынсарин ауданындағы  Силантьев ауылында  газ тарату желілерінің құрылысы іске асырылды. Оның жалпы ұзындығы 13 шақырым. Нәтижесінде 897 адам немесе 274 аула табиғи газбен қамтылды. Бұл жұмыстарға 120 млн теңгеден астам қаржы жұмсалды. Биыл да көгілдір отын тарту шаралары өз жалғасын тауып, Қосқұдық ауылына газ келді. Нәтижесінде, 219 адам немесе 47 аулаға газ тартылды. Бүгінде Алтынсарин ауданында 1237 абонент табиғи газ тұтынады. Енді  «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ облыста үш ірі жобаны іске асырмақ. Яғни, Б.Майлин ауданына қарасты Тобыл кенті, Жітіқара қаласының шығыс бөлігі және Алтынсарин ауданы Үлкен Чураков ауылын газбен жабдықтау жұмыстары қолға алынады. Осы жобаларды орындау нәтижесінде облыс көлемінде табиғи газ тұтынушылар саны 183 мың 200 абонентке дейін артпақ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓