Өнімдері сұранысқа сай

Әлемдік пандемия кезінде сұранысқа сай өнімдерді нарыққа шығарып, кәсібін дөңгелеткендер аз емес. Мәселен,  Рудный қаласындағы шағын бизнес өкілдері  бірнеше жылдан бері полиэтилен өнімдерін өндіреді.  Солардың бірі –  «Гранула» ЖШС тәулігіне 65 мың дана маска шығарса, екінші кәсіпорын антисептиктер мен сұйық сабын өндірумен айналысады.b1b1c01d-2604-4747-a2eb-c95fed614b3b Олар өз өнімдерін елімізден бөлек, Ресей мен Қырғызстанға жөнелтіп жатыр. Кәсіпкерлер, жазғытұрым  ел тұрғындарына маска жетпей жатқан тұста жедел көмекке келді. Қазіргі таңда арнайы цех іске қосылған. Кәсіпорын шаһардағы 98 адамды жұмыспен қамтиды. Оның құрамында полиэтилен, ұнға қажетті қап пен маска шығаруға арналған үш цех жұмыс істейді.  Ал зертхана өз өнімдерімен тек Қазақстан аумағын ғана емес, көрші Ресей мен Қырғызстанды да қамтамасыз етеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓