Біткен істің сыны көп

Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының облыстық филиалы мәліметінше, біздің өңірде мердігерлер ескертулер мен ақауларды жоюға 198 млн теңге жұмсаған. images (4)
"Жыл басынан бері біз облыстың автожолдарында 700-ден астам инспекция жүргіздік, 1000-нан астам заң бұзушылық анықталды. Оның 220-сы өрескел ереже бұзушылық қатарына жатқызылды", — дейді филиал басшысы Абылайхан Алшынбаев.
Ең жиі кездесетін бұзушылықтардың қатарына жол төсеу кезінде асфальт-бетон қоспасының температурасының сәйкес келмеуі (талап етілгеннен аз), темірбетон бұйымдарын дұрыс қоймау жатады. Төселген асфальтбетон жабынының тығыздау және сумен қанықтыру коэффициенттерінің сәйкес келмеуі де талапқа қайшы. Өндіріс технологиясын сақтамау да жиі байқалады, мысалы, төселген жолға тиісті күтім жоқ. Жалпы төсемнің өзі көбіне сапасыз дайындалған болып шығады. Жекелеген мердігерлердің учаскеде жол-құрылыс техникасының ең аз жиынтығының өзі жоқ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓