Анирейтинг: Чехия алда

Чехия, Бельгия және Болгария Еуропалық Одақта 100 мың адамға шаққанда коронавирус ауруынан болатын өлім-жітім бойынша көшбасшы болды. Чехияда 490 мыңнан астам науқас тіркелген. Бұл туралы Чехия Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.755841019946270Осылайша, Чехия антирейтингтің бірінші орнында тұр. 
"Чехия соңғы апталарда ЕО елдері арасында тәулігіне COVID-19 жаңа науқастарының саны бойынша бірінші орыннан төмен түсті. Бірақ соған қарамастан, ECDC мәліметтері бойынша, республика коронавирустан көз жұмғандар саны бойынша соңғы 14 күннің қорытындысы бойынша 100 мың адамға шаққанда ЕО-да көшбасшы болып қала береді", — делінген хабарламада.
 
14 күн ішінде ЕО-да 100 мың тұрғынға шаққандағы өлім-жітім бойынша көшбасшылар: Чехия — 23,4; Бельгия — 22,1; Болгария — 17,2; Польша — 14,3; Словения — 14.
Чехияда 490 мыңнан астам науқас тіркелген. 7,2 мың адам көз жұмып, 395 мың адам емделіп шыққан.
Естеріңізге сала кетейік, Чехияда парламент төтенше жағдайды 12 желтоқсанға дейін ұзартуды бекітті.
Бұған дейін Прага қалалық соты көшеде және дүкендерде міндетті маска режимін жойды. Бұл шаралар 21 қазаннан бастап Чехия Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен енгізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓