Ет экспорты ұлғаймақ

Биыл Тобыл өңірінде мал сою және бордақылау алаңдарының өзінен ғана  356 тонна ет экспортталды. wPkurYFpБүгінгі таңда облыста  қырықтан астам мал семіртетін орын бар. Ең ірісі Қарабалық ауданында орналасқан. Мұнда тоғыз  мыңдай қара мал  өсіріледі. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті екі есе арттыру көзделген.  Бордақылау алаңы 200 келіден кем тартпайтын бұқаларды қабылдайды. Құнарлы азықпен салмақтары жарты тоннаға жеткізіледі. Тұқымның басым бөлігі – етті абердин-ангустар. Олармен бірге жеке және фермерлік шаруашылықтардың қара малы да семіртіліп жатыр.
«Малды Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарынан қабылдаймыз. Батысқазақстандықтар да белсенді. Сол жақтан көптеп жеткізіледі. Қарағанды және Павлодар облысының шаруаларымен де тығыз байланыс орнаттық. Қазір экспортқа жол қайта ашық. Ресей малды тірідей  сатып алады. Өзбекстанмен де келісім-шарт жасастық. Алдағы уақытта Қытайға шықсақ деген ойымыз бар»,-дейді бордақылау алаңының директоры Арман Есмұрзин.
Аймақтағы ең ірі бордақылау алаңында жылда 30 мыңдай ірі қара бағылады. Өнімнің 70 проценті ішкі нарықты қамтамасыз етсе, қалғаны экспортқа жөнелтіледі. Жақын арада мұнда модульді мал сою бекеті  ашылмақ. Жоба жүзеге асырылса, ауыл фермерлері малды қалаға тасымалдамайтын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓