Үшінші толқын болжануда

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2021 жылдың басында Еуропадағы коронавирустың үшінші толқынының айналып соғу ықтималдығын жоққа шығармайды. Reuters хабарлағандай, бұл туралы ДДҰ — ның COVID-19 инфекциясын еңсеру жөніндегі арнайы өкілі Дэвид Набарро швейцариялық газеттерге берген сұхбатында айтты.images (5)
"Олар (үкіметтер – ред.) бірінші толқын бақылауға алынғаннан кейін жаз айларында қажетті инфрақұрылымды құруды жіберіп алды", — деді ол. — Қазір біз екінші толқын аясында отырмыз. Егер олар қажетті инфрақұрылымды жұмылдырмаса, келесі жылдың басында бізде үшінші толқынмен бетпе-бет келеміз".
Ол Оңтүстік Корея сияқты Азия елдерінің реакциясына жақсы баға беріп отыр, онда бүгінде жұқтырғандардың саны салыстырмалы түрде төмен.
"Адамдар індетке қарсы күреске толығымен жұмылған, олар вирустың таралуын тежейтін мінез-құлықты қалыптсатыра алды. Олар қашықтықты сақтайды, бетперде киеді, ауырған кезде оқшауланады, қолдары мен беттерін ұдайы жуады – бір сөзбен, барлық талаптарды барынша сақтауда. Сондай-ақ олар ең осал топтарды қорғауда", — деді Набарро.
Айта кетейік, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 58,5 млн адамнан асты.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓