Ресейлік білгірлерді сан соқтырды

Қостанайлық кәсіпкер Сергей Смоленюк ресейлік "Что? Где? Когда?" телеойнынан 100 мың рубль ұтып алды.Без названия (3)
Ол аталған ойынға осымен 8 рет қатысып, бас-аяғы 1100 сұрақ жолдаған. Білгірлер үстеліне қойылған сұрақтарымен екінші рет жеңіске жетіп отыр.
Айта кетерлігі, кешегі бағдарлама ойынның 45 жылдығына арналған. Білгірлер 9-раундта "Қостанай" жазбасы бар конвертті таңдады. Сергей осы жолы да ойыншылардың визуалды қабілеттерін сынға салып көрді, яғни оларға қауырсын қалам мен қасық ұсынылды. Қостанайлықтың сұрағы осы заттар бейнеленген Рене Маргариттің екі картинасына қатысты болды. Қойған сұрағы – бұл ұқсас картиналардың оң жақ бетінде қауырсын мен қасық салынса, сол жақ бетінде не бейнеленуі мүмкін?553768_big_3960a29ad4-750x422
Әрине, біліктілердің ақылдаса келе айтқан жауаптары дұрыс болмай шықты. Ол Пиза мұнарасы болып шықты. Осылайша, ұпай телекөрерменге жазылды. Ол алатын сыйақы – 100 мың рубль немесе 500 мың теңгедей ақша.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓