Гүлденген бизнес

Рудный қалалық жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, 2019 жылы жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 92 грант берілді. Осы жылы 45 рудныйлық бизнес-идеяны қолдауға грант алды. Грант көлемі – 200 АЕК. Грант иеленіп, кәсібін ашқандардың бірі – Айгүл Махмутова. bc7aee16-38ed-4782-a0cd-322fc6b923ccОл қала орталығынан гүл павильонын ашты. Бір қарағанда, гүл бизнесі үлкен күш пен қомақты қаржыны қажет етпейтін сияқты. Шын мәнінде, бұл оңай шаруа емес. Мысалы, кәсіпкердің есептеуінше, қала ішінен шағын гүл павильонын ашуға кемі үш жарым миллион теңге керек. Бірақ, Айгүлді еш қиындық тоқтата алмаған. Мемлекеттен берілген 505 мың теңгенің пайдасы тиді.
– Кәсіп бастағаныма екінші жыл. 2019 жылы «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша грант ұтып алдым. Осы қаражатқа мен екінші дүкеніме жабдық сатып алдым. Әрине, бұл қолдау өте жақсы, әсіресе, жас кәсіпкерлер үшін, — дейді А.Махмутова.9095c0e1-97d4-4f1d-bea9-f98450f439eeБүгінде оның павильонында гүлдер мен сәндік өсімдіктердің жүзден астам түрі бар: раушан, түймедақ, қалампыр, лалагүлдер, эустома (жапон раушаны), диантус (қалампыр тұқымдас өсімдік), спаржа, эвкалипт, альстроэмерия және т.б. Кәсіпкер тек Голландия мен Эквадордың сенімді жеткізушілерімен жұмыс істеп отыр.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓