Қызығушылығын кәсіпке айналдырған

Бүгінде «Бастау Бизнес» мектебінен өткен жандардың көбі кәсіп бастаған. Солардың бірі – Әулиекөл ауданының тұрғыны Самал Сайлаубай. 2019 жылы «Бастау бизнес» арқылы білімін жетілдіріп, кәсібін шыңдау мақсатында «Жас кәсіпкер» бағдарламасына қытысып, грант ұтып алған. Аталмыш бағдарлама туралы ол жеке кәсіпкерлердің палата- сындағы координаторлар арқылы білгенін айтады.
IMG-20201110-WA0081– Мен Әулиекөл ауданы, Үшқарасу ауылында дүниеге келдім. Сол ауылда білім алып, кейін Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжіне «тәрбие және оқыту» мамандығына түсіп, тәмәмдадым. Және педагог-психолог мамандығы бойынша жоғары білімім бар. Қазіргі таңда Әулиекөл ауылында «Айгөлек» бөбекжай – бақшасында тәрбиеші болып еңбек етудемін. Мемлекеттік тілде білім алып, мемлекеттік тілде қызмет жасаудамын. Негізі қолөнерге бала кезден бейім болдым. Колледж қабырғасында оқып жүргенде технология сабақтарында кесте түрлерін, тігін тігумен айналысу ұнайтын. Білім алу, өз-өзіңді дамытып отыру ешқашан артық етпейді. Сондықтан түрлі курстарға қатысып жатырмын. «Ата көрген – оқ жонар, ана көрген – тон пішер» демекші, шеберлік қабілет анамнан дарыған, – дейді Самал Сайлаубай.
Ең алғаш кәсібін Самал декреттік демалыста отырып, «канзаши» техникасымен әшекей жасап бастаған. Кейіннен бұл қызығушылықты кәсіпке айналдыруды жөн көріпті.
IMG-20201110-WA0083
 – Негізгі жұмысыммен қоса жеке іспен айналысып жүргеніме 4-5 жылдай уақыт өтті. Алдымен бұл менде тек қызығушылық қана еді. Декреттік демалыста отырып бос уақытымда қолөнермен айналыса бастадым. Ең алғашқы жұмыстарымның бірі – «канзаши» техникасы бойынша жасалған кішкентай қыздардың шашына арналған әшекейлер еді. Кейін бұл қызығушылықты кәсіпке айналдырғым келіп, барынша жұмыс түрлерін қосып жасай бастадым. Мысалға алатын болсам, шашқа арналған әшекейлер, қырқынан шығару жиынтығы, тұсау кесу жиынтықтары, тойбастарға арналған дорбалар, бонбоньеркалар, сырға салу қобдишалары, түрлі сувенирлер, қалыңдық гүлшоқтары мен бутоньеркалар. Былтыр Жастар жылының ашылу салтанатында жас қолөнершілер көр- месіне қатысып, өз үлесімді қостым. Жастар жылында жастарға үлкен мүмкіндіктер жасалды. Жеке кәсіпкер ретінде 2019 жылы ИП рәсімдеп, жұмысыммен заңды түрде айналысудамын, – дейді жас кәсіпкер.
IMG-20201110-WA0091
Қолөнерші болашақта тағы да бірталай жұмыс түрлерін қосуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда «Leyla_hm_school» қолөнер мектебінде «Сәукеле», «Інжу- Маржан», «Жарқыра» курстарын онлайн оқып жатыр. Алдағы уақытта сол туындыларды жасап, нарыққа шығармақ ойы бар.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓