Кеңес әрі көмек алуға болады

колл орталықҚазақстанда дін мәселелері бойынша жедел желі іске қосылды. «114» нөмірі арқылы колл-орталыққа хабарласып, дін мәселелері бойынша тегін кеңес алуға болады. Сондай-ақ, деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге психологиялық, заңгерлік көмек беріледі.
Жобаны «Social Development Center» қоғамдық қоры Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде іске асырып отыр.
Телефон арқылы және онлайн-режимде мамандар өтініштерді екі тілде (қазақша, орысша) қабылдайды. «Жедел желі» операторларының бәрі білікті дінтанушылар және дін тақырыбындағы барлық сұрақтарға шынайы жауап бере алады. Егер мәселе арнайы маманды қажет етсе, оператор проблемаңыздың сипатын анықтап, сізді теологпен, психологпен немесе қорғаушымен байланыстырады. Барлық консультациялар тегін және құпия түрде өтеді.
«114» жедел желісі аптасына 7 күн 9:00-18:00 аралығында жұмыс істейді. Оған хабарласу үшін 114 қысқа нөмірін немесе 8 (800) 0805-114 (ұялы телефоннан) теру қажет. Сондай-ақ, www.114.kz сайтынан онлайн-кеңес алуға болады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓