Жеңілдік кезеңі ұзартылды

МӘМС сайтқа2Шағын және орта бизнес қызметінің 29 түріне жеңілдік кезеңі 2020 жылдың соңына дейін ұзартылды. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қостанай облысы бойынша филиалы баспасөз қызметі хабарлады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Сәуле Аймұхамбетованың айтуынша, ҚР Үкіметінің 30 қазандағы қаулысына сәйкес, бизнестің жекелеген түрлері 2020 жылдың 1 қазанынан 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін МӘМС жарналары мен аударымдарын төлеуден босатылды.
Аталған жеңілдікті алу үшін жұмыс берушілер қызметкерлері туралы мәліметтерді әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ақпараттық жүйесіне енгізуі тиіс. Қазір облыстың бірқатар ШОБ иелері бұл жеңілдік алып отыр.
«Жеңілдік кезеңін ұзарту – шағын және орта кәсіпорындарды қолдау шарасы. Яғни, бұл кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысынан салықтар мен аударымдарды ұстап қалмайды, бұл ретте олар медициналық сақтандыру пакетіне толық қол жеткізе алады. Егер жұмыс істеп жатқан қызметкерлердің тізімі уақытылы жаңартылмаса, МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған күйінде қалады», – деп атап өтті Сәуле Аймұхамбетова.
Бұл норма жеке кәсіпкерлерді тек жалдамалы жұмыскерлер үшін төлем төлеуден босатады. Ал ЖК өзі үшін жыл басынан бастап ай сайын МӘМС жарнасын төлеуге міндетті. 2020 жылы ЖК үшін жарна мөлшері 2975 теңге.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓