Сезімтал иттер 474 қылмыс ашқан

Бүгінгі таңда Қостанай облысы Полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында түрлі бағыт бойынша жаттықтырылған 28 қызметтік ит бар. Мұнда 12 кинолог жұмыс істейді.3d2628e2-4c97-4bd2-8387-34b1643b9bb4Жалпы, облыс бойынша полицияда 71 ит қызметшілерге көмек көрсетеді. Олардың барлығы адамның иісі бойынша жарылғыш заттарды, сондай-ақ есірткі заттарын іздеуге үйретілген. Сонымен қатар, олар одорологиялық сәйкестендіруге мүмкіндік береді (иістерді зерттеу).
Төрт аяқты тәртіп сақшылары жұмысы жоғалған адамдарды табуға ғана емес, олар кез келген қылмысты ізін суытпай ашуға көмектеседі.
Мысалы, 2020 жылдың 10 айында қызметтік иттердің көмегімен 474 қылмыс ашылды.
Жалпы, облыстық ПД кинологиялық қызметінің мамандары қызметтік иттермен 5489 іздестіру амалдарын жүзеге асырған, оның 210-ы – есірткі қылмысы, 2446-сы – із кесу, 79-ы – жарылғыш заттарды іздеу, УҰИ қорғау бойынша 2736 және одорологиялық іріктеулерді жүргізу кезінде 18 рет сезімтал иттер көмегі қолданылған.
Криминалдық полиция желісі бойынша 402 дерек және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл желісі бойынша 54 факт ашылды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓