Аурухана шатыры жөнделуде

Бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланғандай, 9 қараша күні кешкі 18.30 шамасында Федоров ауданының орталық ауруханасының шатыры өртенген болатын. Жергілікті атқарушы орган өкілдері ғимарат төбесі от шарпыған материалдардан тазартылып, қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.c0c90eb3-cd5e-40be-b77e-484cbd0373c85c61f7e9-9faa-4103-aa2b-df39ddede75d
«Нысанды қалпына келтіру жұмыстары өрт сөндірілген кезден басталды. Аурухананың үшінші қабатындағы жабдықтар мен жиһаздар басқа орынға көшірілді. Келесі күні өз еркімен көмекке келгендер көп болды. Екі күнде алпыс-жетпіс адам жұмыла жұмыс істеді. 10 қарашада шатырды күл-қоқыстан тазалап, төбедегі бетондарды алып, жөндеуге дайындап қойдық. 13 қараша күні шатырды қайта тұрғызу жұмыстары басталып кетті», — деді Федоров ауданы әкімінің орынбасары Рамиль Валеев.f73630d2-60c4-474a-b303-c9560ad8fc62
Әкім орынбасарының айтуынша, аурухана шатыры желтоқсан айының соңына қарай жөнделіп бітеді.8fb3db2b-9217-48f0-a964-3bfeb41fa0ad
23347d16-f8e8-4737-bf68-44bbcc73b82dӨрт жалыны шамамен 800 шаршы метр ауқымды шарпыған. Алайда, абырой болғанда ешкім зардап шекпеген. Бұл ретте аурухана ұжымының жұмысын айта кеткен жөн. Олар бас-аяғы 20 минутта пациенттерді сыртқа шығарып, басқа бөлімдерге орналастырған. Сонымен қатар, медициналық жабдықтарға өрт тигізбей, қауіпсіз жерге көшірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓