Үкімет басшысының орынбасары Қостанайда

Қостанай облысына жұмыс сапарымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов келді. Бұл жайлы облыс әкімі А.Мұхамбетов "Инстаграм" желісіндегі парақшасында ақпарат жариялады.вицеЕ.Тоғжанов облыстағы эпидемиологиялық жағдай мәселелері бойынша кеңес өткізіп, жауапты тұлғаларды тыңдады.
Бұдан кейін Вице-Премьер-министр дәріхана желілері мен дәрі-дәрмек қоймалары жұмысымен танысты.
"Сондай-ақ, Ералы Лұқпанұлын «Вадиса М» ЖШС медициналық маскалар шығаратын кәсіпорынның жұмысымен таныстырдық. Жоба өз қаражаты есебінен 108,8 млн теңге сомасына іске асырылды. Өндіріс қуаттылығын айтар болсақ, тәулігіне 220 мыңнан астам бетперде жасайды. Бүгінгі таңда кәсіпорын 1,5 млн дана медициналық бетперде шығарды", — деп жазды аймақ басшысы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓