Бірқатар мәселе талқыланды

Бүгін «Nur Otan» партиясының Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Күзенбаев әлеуметтік желіде  тікелей эфир өткізді.
IMG-20201106-WA0040
               Оның барысына азаматтардың өмір сапасын жан-жақты жақсарту, таза су, тұрғын үйге және сапалы жолдарға қол жетімділігі және басқа да мәселелер тікелей эфирде  талқыланды. 
               Айта кету керек, облыста газбен жабдықтау, жолдар, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңарту мәселелері өзекті болып қала береді. Жергілікті билік барлық күш-жігерімен ауданымыздың әрбір тұрғынының игілігі үшін жұмыс істейді. Бұл туралы Эльдар Күзенбаев өз сөзінде айтып өтті.
–Пандемия біздің елдің экономикалық жағдайына кері әсер еткені жасырын емес, бірақ сонымен бірге біздің мемлекет азаматтарды қолдау үшін дағдарысқа қарсы шаралар әзірледі. Күн сайын жол-көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға, сондай-ақ салауатты экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар сәтті жүзеге асырылуда, — деді Эльдар Күзенбаев. Облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасарының айтуынша, бүгінде көлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту үшін басты міндет — автомобиль жолдарының сапасын арттыру және 2025 жылға қарай жолдардың үлесін жақсы және қанағаттанарлық жағдайда 95 пайызға жеткізу. Онымен қоса, 300-ден артық адам тұратын ауылдарда орталықтандырылған су құбыры тартылады, 200-ден 300-ге дейін, немесе одан да көбірек тұрғын болса олардың келісімімен су тазарту және тарату нүктесі салынады. 200 адамға дейін халық тұратын ауыз суы сапалы құдықтары мен ұңғылары жоқ шағын ауылдарда сумен қамтамасыз етілгенге дейін қажеттеріне қарай ауыз суды тасып беру ұйымдастырылады.
Және жергілікті атқарушы билік күшімен  11 ауылда сумен жабдықтау желілерін қайта құрумен қатар 93 ауылда сумен жабдықтау нысандарын салу жоспарлануда. Нәтижесінде, аталған шаралар облыс ауылдарының қосымша 98,3 мың тұрғынына сумен жабдықтауға қол жеткізуге мүмкіндік бермек.
Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын іске асыруға қатысты тікелей эфир барысында 2019 жылы «Нұрлы жер» ,«7-20-25» бағдарламалары шеңберінде 1580 отбасы баспаналы болғаны белгілі болды. Жергілікті билік тұрғын үймен қамтамасыз етуде бір адамға шаққандағы көрсеткішті  20 ш.м.-ден  2025 жылы 25,1 ш.м.-ге жеткізу мақсатын алдына қойды.
Облыс тұрғындарының жайлы өмір сүруі үшін облыстың 9 ауданының халқын (Әулиекөл, Алтынсарин, Денисов, Жітіқара, Қамысты, Қарабалық, Қостанай, Б. Майлин атындағы, Федоров) үзіліссіз газбен қамтамасыз ету міндеті бар.
Осы жылдың өзінде бірқатар аудандардың халқы  (Әулиекөл, Алтынсарин, Федоров) үй жылыту және тұрмыстық мақсатта пайдалану үшін табиғи газға қолдары жететін болады.
–Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты бұл аймақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші. Біз білім беру, денсаулық сақтау, спорт және әлеуметтік қызметтер саласындағы сапалы қызметтерге қол жетімділікті қамтамасыз ету арқылы аймақ тұрғындарының тұрмыстық жағдайларын жақсартамыз. Жергілікті билік Қостанай облысы тұрғындарының үміттерін қанағаттандыру үшін барлық шараларды қабылдайды, — деді Эльдар Қонысбайұлы.
Аймақтық филиалда осындай тікелей эфирлер тұрақты түрде жүзеге асырылып келе жатқанын айта кеткен жөн. Облыс тұрғындарының өздерін толғандырған сұрақтарын тікелей қойып, оларға бірден жауап алуға мүмкіндігі бар. Тікелей эфир туралы хабарландырулар алдын-ала партияның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланады.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓