Жемқорлыққа бару Отанды сатқанмен бірдей

Бұл туралы Қостанай облысына іссапармен келген Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Рудный қаласының қоғам белсенділерімен және мемелекеттік қызметкерлерімен өткізген кездесуі барысында айтты. Ол жиын барысында жемқорлыққа қарсы заңнамадағы соңғы өзгерістер, сондай-ақ осы кеселдің алдын алу бағытындағы елде жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы мәлімет берді.5a20e76a-163e-49e1-9e71-375a62d3550e
Агенттік төрағасы басшылардың қол астындағы қызметкерлерінің жемқорлыққа барғаны үшін жаза алатынын және азаматтармен позитивті диалогқа түсудің маңыздылығын ескерте кетті. Қыркүйек айында Рудный қаласының әкімі Қашар кенті әкімінің жемқорлық қылмыс жасағаны үшін отставкаға кеткен еді.0cd1078d-5163-4ef7-bf75-0b278d079469Алик Шпекбаев жергілікті атқарушы органдардың азаматтарға жайлы жағдай жасау және жемқорлық тәуекелдерін жою тұрғысындағы жұмыстарды күшейтуі қажеттігіне ерекше екпін салды. 732a8705-fb03-4788-9e1e-e8d7039391ae"Бүгінде жемқорлыққа қарсы заңнама әр басшыға үлкен міндет жүктеп отыр. Сіздер адалдық пен қатал тәртіпке ұю тұтастай мемлекеттік органның жұмысына тікелей қатысты, сондықтан басшылар жемқорлыққа жағдай туғызатын кез келген жағдайды тамырымен отауда белсенді әрекет етуі тиіс. "Жегі құртпен" күресудің оңтайлы тетігі бар, ол – шынайы ниет", — деп ой түйіндеді А.Шпекбаев

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓