Әліппе келер жылы оралады

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова Орталық коммуникациялар қызметінде берген брифингте «Әліппені» енгізу 2021-2022 жылға жоспарланып отырғанын айтты. Бұл туралы malim.kz cайты жазады.6a6603604b49d8c9a01310e8c547ea51-750x375
«Әліппені оқу бағдарламасына әзірлеу жұмыстары басталды.  2021 жылдың қаңтар айынан бастап оқулықтар апробацияға енгізілетін болады. Ол үшін Білім және ғылым министрлігі апробация өткізетін пилоттық мектептердің тізбесін бекітті», — деді Ш. Каринова.
Осы бекіткен тізбеге сай, барлық мектепте «Әліппе» бағдарламасы зерделенеді. Одан кейін оқулық даярлаудың барлық кезеңдеріне қатысты толық талдау жүрігізіледі.
«Сараптамадан өткен оқулықтар жаңа оқу жылында енгізіледі. Жалпы, әліппені енгізу 2021-2022 жылға жоспарланған», — деді вице-министр.
Әліппе Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде дайындалуда. Сонымен қатар, Шолпан Каринова жаңа әліппені енгізу және оқыту кезеңдері туралы айтты.
«Жұмыс тобындағы барлық ғалым мен мұғалім тарапынан бұл толық қолдау тапты. Өйткені бұл жүйе оқушылардың біліміне қатысты нағыз талаптарды қамтып отырғандығы, оның ішінде әріптер мен дыбыстардың реттілігі ескеріліп пайдаланылғаны аталып өтті», — деді вице-министр.
Әліппені оқытудың үш кезеңі қарастырылған. Олар – әліппеге дейінгі кезең, әліппе кезеңі және әліппеден кейінгі кезең. Осының екі кезеңі әліппе оқулығы арқылы іске асады. Ал кейінгі кезең мектептерде Ана тілі оқулығы бойынша жүргізілетінін айтты Шолпан Каринова.
Қазіргі дайындалып жатқан оқулықта ата-аналардың ескертулері қаперге алынып, баланың физилогиялық жас ерекшелігі ескеріліп жазылып жатқанын атап өтті.
«Әліппе кезеңі өте маңызды, онда әріп, дыбыс және буындар үйретіледі. Бұл кезеңге баса назар аударылған. Одан кейін, желтоқсан айында бұрынғыша "Әліппемен қоштасу" өткізу ескеріледі», — деді вице-министр.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓