Артық жүкке – айыппұл

машина
Тоғыз ай ішінде Қостанай облысының жүргізушілеріне артық жүк тиегені үшін 78 млн теңге айыппұл салынды. 
Облыстың Жол активтерінің сапа ұлттық орталығының мамандары көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп бірқатар бұзушылық фактілерін анықтады. Көп ретте, салынған жолдың сапасына құрылыс материалдары ғана емес, оны дұрыс пайдалану да үлкен септігін тигізеді, ал ауыр жүк көліктерінің оларға арналмаған жолдарады жүруі жолдың пайдалану мерзімін қысқартады. Үлкен жүк көліктерінің жүргізушілері тарапынан заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жүйелі негізде рейдтер жүргізіледі.
"Бүгін" Халықтық бақылау " аясында көлік прокуратурасы мен көлік инспекциясы бірлесіп, қоғам мүшелерімен бірге ауыр жүк көліктерінің қозғалысын тіркеу үшін рейдке шықты. Егер мұнда заң бұзушылықтар кездесіп жатса, оларға тиісті шара қолданылады. Жыл басынан бері 7 инспекция өткізілді", — деп түсіндірді Қостанай облысы бойынша "Жол активтері ұлттық сапа орталығы" филиалының директоры Абылайхан Алшинбаев.
Тоғыз айда Қостанай облысының аумағы бойынша нормадан асыра тасымалдаудың 6562 фактісі тіркелді. Анықталған заңсыздықтар бойынша 1014 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл сомасы 78 млн теңгені құрады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓