Басты назарда – білім саласы

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Есімова  іссапармен Әулиекөл ауданына барды. Аудан әкімі Ерлан Теменовпен бірге бірқатар білім беру мекемелерінде болып қайтты. Ең алдымен, Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжінің тыныс-тіршілігімен танысты.IMG_0545
Колледж директоры Альмира Жансүгірованың айтуынша, Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжі 6 мамандық бойынша білім береді. Атап айтар болсақ, олар – дәнекерлеу ісі, тракторшы, аспазшы, құрылысшы, есепші және электр мамандықтары. Бүгінде аталған мамандықтарда облыстың түкпір-түкпірінен әр түрлі санаттағы 500-ден астам студент білім алуда. Алайда, еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, оқу қашықтан беріліп жатыр.IMG_0496
–Қазіргі таңда онлайн оқыту жүйесінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған балалар қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілді. Мәселен, биыл оқу бітірген түлектердің 80%-ы өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасты. Биылғы түлегіміз Виталий Икунин аудан орталығынан өзінің шаруа қожалығын ашып, 20 адамды жұмыспен қамтып отыр. Сондай-ақ, тағы бір түлегіміз Антон Чопов өзінің жиһаз салонын ашты. Бқл жетістіктерді мақтанышпен айта аламын. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде де атқарылып жатқан шаруалар аз емес, – дейді облыстық мәслихат депутаты, колледж директоры Альмира Бақытқызы.
Осы жылы облыс аумағындағы барлық колледж қатысқан «WorldSkills Kostanay» байқауында білім мекемесі аспаз және құрылысшы мамандықтары бойынша  екінші орын иеленген.
Білім мекемесінің басшысы сұхбат барысында колледж  жатақханасының терезелерін ауыстыру туралы өтініш айтылды. Облыс әкімнің орынбасары бұл мәселені алдағы уақытта  бақылауға алатынын жеткізді.IMG_0553
Одан әрі Бақыт Есімова облыс аудандары арасындағы жалғыз дағдарыс орталығы орналасқан жаңартылған мектеп жанындағы интернатта болды. Сондай-ақ, бұл ғимаратта қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығы, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жұмыс істейді. ​IMG_0721IMG_0699Бақыт Аманкелдіқызы интернат ішінде орналасқан бөбекжай тәрбиеленушілермен әңгімелесіп, жағдайлары мен оқулары туралы сұрады. Балалар өздерінің алған бағаларын айтып, болашаққа жоспарлары туралы айтып берді.IMG_0666
Сондай-ақ, облыстық делегация Сұлтан Баймағамбетов атындағы мектеп-гимназияға да ат басын бұрып, мұражайдың жұмысымен танысты. IMG_0729
IMG_0769Облыс әкімінің орынбасарының сапары Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің аудандық әкімдікте аудандық Жастар ісі жөніндегі кеңес мүшелерінің, қалалар мен аудандардың мемлекеттік мекемелері мен жастар ресурстық орталықтарының басшыларының қатысуымен онлайн режимінде өткен көшпелі отырысымен аяқталды.IMG_0818
Күн тәртібінде Әулиекөл ауданының әкімі Ерлан Теменов мемлекеттік жастар саясатын іске асыру және еріктілер жылының мәселелері, сондай-ақ өңірдің қалалары мен аудандарының жастар ресурстық орталықтарының қызметі туралы айтып берді. Және ауылдық жерлерде жастар кәсіпкерлігін дамыту тақырыбы сөз болды.
– Жастармен жұмыстың маңыздылығын тағы да атап өткім келеді. Біз жастарды жергілікті жерлерде өркендеуі үшін жағдай жасап, оларды одан әрі дамыту үшін жан-жақты қолдау көрсетуіміз керек, — деді Бақыт Аманкелдіқызы.IMG_0818
Қостанай облысы жастарының "Алтын кітабының" лауреаты, жас кәсіпкер Айбек Таңатбаев спикер ретінде сөз алып, кәсіпті ашудағы өзінің тәжірибесімен бөлісті. Мемлекеттік бағдарламалардың  шарапатын көргенін тілге тиек етті.
–Мен ерте жастан жұмыс істеймін және бастаушы кәсіпкерге қаншалықты қиын екенін жақсы білемін. Жинақталған тәжірибе туындаған мәселелерді шешуге көмектеседі. Мемлекеттің көмегіне қарамастан, алыс аймақтардан келген жастар үшін өз ісін бастау қиын. Нақ осы озық жастар болашақ жетістіктердің локомотивіне айналуға тиіс. Мен Амангелді ауданының тумасымын, кәсіпкерлік қызметпен айналысамын және мүмкіндігінше басқа да ауыл тұрғындарына бизнес ашуға көмектесемін. Бүгінгі таңда мен «Бердіқаз» ЖК басшысымын. Оған жатақхана, дүкен, Kcell орталығы және гүл павильоны кіреді. Мұның бәрі – үлкен күнделікті жұмыс пен мемлекеттік қолдаудың нәтижесі. Нақтырақ айтсақ, «Бастау бизнес», «Бизнестің жол картасы 2020», «Еңбек» бағдарламалары бизнесті дамытуға көмектесті, – деді жас кәсіпкер Айбек Таңатбаев.IMG_0799
Шара соңында кеңес мүшелері жастар жобаларын  іске асыруға жас көшбасшыларды белсенді түрде тарту ұсынылды.
Әсел ҚИБАШ
     Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓