Шалғай ауылдардың шөлі қанады

Қостанай облысында бірнеше ауылға сумен жабдықтау желілері жүргізіледі. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппарат мәжілісінде белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.АУЫЗСУ
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппарат отырысында ауылдарды сумен жабдықтау мәселесі талқыланды. Аймақ басшысы 2025 жылдың соңына қарай өңірдегі барлық ауыл сапалы ауыз суға қосылатынын айтты.
«Нұрлы жер» бағдарламасына сәйкес, ауылдықтардың орталықтандырылған ауыз суға қолжетімділігін 100% қамтамасыз ету қажет. Ағымдағы жылы 9,6 млрд теңге сомасына ауылдарды сумен жабдықтау бойынша 37 жоба іске асырылуда, оның ішінде 22 жоба басталып кетті. Жоба шеңберінде 29 ауылды сапалы сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл ауыл халқын сумен жабдықтаудың қолжетімділігін 61,7%-дан 65%-ға дейін арттырады. Келешекте тағы 41 жобаны іске асыру бойынша жоспарлар бар. Келесі жылдан бастап тұрғын саны 300 және одан жоғары ауылдар үшін орталықтандырылған сумен жабдықтау құрылысын немесе суды тазарту және тарату пункттерін салуды жүзеге асырамыз. Ал 300 адамнан кем тұратын ауылдар үшін арнайы су тарату бекеттері орнатылады. Бұл іс-шаралар 2025 жылдың соңына қарай аяқталады», — деді өңір басшысы. Архимед Мұхамбетов ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарын сапалы жүргізуді тапсырды.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓