Ақбота – алқа иегері

сайт3
ҚР Президентінің 30 қыркүйектегі №421 Жарлығымен Қамысты ауылының тұрғыны, көп балалы ана Ақбота Салықова «Күміс алқа» иегері атанып отыр. Қамысты ауданының әкімі Ғазиз Бекмұхамедов алты перзент өсіріп-тәрбиелеп отырған жас анаға құрметті орденді салтанатты түрде табыстады.
сайт4
37 жасар Ақбота Аяпбергенқызы Жангелдин ауданы Милісай елдімекенінің тумасы. А.Байтұрсынұлы атындағы ҚМУ филология факультетінің түлегі. 2004 жылы Амангелді Тілеубергеновпен шаңырақ көтерді. Отағасының өзі – мемлекеттік қызметкер. Екеуінің тұңғыштары Азиза қазір он бесте. Бір қызығы, Амангелді мен Ақботаның балалары жұмыс бабымен ауысып барған елде дүние есігін ашып жатыр.
— Бейімбет Майлин ауданының Белинский ауылында мектепте мұғалім болып жұмыс істеп жүрген кезімізде екінші баламыз Диас дүниеге келді. 2009 жылы Қамысты ауданының Қарабатыр ауылына «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен көшіп келіп, мектепке мұғалім болып орналастық. Сол ауылда 2011 жылы ұлымыз Әмір дүниеге келді, тағы екі жылдан кейін Айым есімді қызды болдық. 2016 жылы жұбайым Қамысты ауданының Ливанов елдімекеніне ауыл әкімі болып сайланып, сонда көшіп бардық. Сол ауылда былтыр екі егіз ұлдың ата-анасы атанып отырмыз. Қазір бала күтімімен үйдемін. Алла берген алты баламыздың өз несібелері шығар, ойда жоқта Мемлекет басшысының жоғары дәрежелі марапатына ие болдым, — деді қуанышымен бөліскен Ақбота.
сайт1
 
Қамысты ауданы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓