COVID-19: асқынғанда аспирин пайдалы

Америка ғалымдары COVID-19 кезінде аспирин ішу инфекцияның өлімге соқтыру тәуекелін төмендететінін анықтады. Бұл туралы  Daily Mail сайтына сілтеме жасай отырып, Tengrinews.kz хабарлайды. 5ed92376767b0114828450
АҚШ-тағы Мэриленд университетінің Медицина мектебі дәрігерлері анықтағандай, емдеуге жатқызылған пациенттер ішінде осы препаратты тұрақты түрде қолданатын науқастардың коронавирус кеселінен көз жұму ықтималдығы 47%-дан төмен көрінеді. Аспиринді ішетін пациенттер мен бұл препаратты қолданбайтын емделушілер салыстырылған. Зерттеу нәтижелері дәрігерлерді таң-тамаша қалдырыпты. Аспирин тобындағылар интенсивті терапия бөліміне 43%-ға сирек түскен және тыныс алу аппаратын 44%-ға сирегірек қажетсінген.
UMSOM анестезиология кафедрасының доценті Джонатан Чоудың айтуынша, егер аспириннің тиімділігіне көз жетсе, онда ол коронавируспен күресте ең арзанға түсетін "қаруға" айналар еді.
Оқымыстылар тобы зерттеудің нақты көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін COVID-19 дертін жұқтырған 412 пациенттің медициналық жазбасын қадағалауға алғанын айта кету керек. Бұл науқастар Балтимордағы Мэриленд универтитетінің медициналық орталығына емдеуге жатқызылған. Зерттеушілер дерттілердің жас айырмашылығы, жынысы, нәсілі, дене салмағының индексі, гипертония мен диабеттің болу-болмауы секілді бірнеше факторды есепке алыпты. Сараптама нәтижесі көрсеткендей, ең бастысы, аспирин пациенттердің өлімге душар болу, сондай-ақ қатты қансырау секілді асқыну тәуекелін төмендеткен.
Ғалымдар коронавирус індетінің жүректе, өкпеде және қан тамырларында тромбтың пайда болуына соқтыратынын айтады. Мұндай қан ұйығы инсультке, жүрек талмасына себеп болуы әбден мүмкін. Ал аспирин дәрісі қанды сұйылтып, қоюлануының алдын алып, сарапшылар пікірінше, COVID-19 меңдеткен ағзаға пайдасын ғана тигізеді.Без названия (1)
Дей тұрғанмен, зерттеушілер командасының алға тартқанындай, аспириннің коронавирустің алдын алу үшін қолдануға арналмағанын ескеру керек, ол дерті бет бақтырмай, асқынудың алдында тұрған науқастарға ғана көмектесе алады. 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓