Сыртқы сауда айналымы артты

Қостанай облысының сыртқы сауда айналымы 1 728,9 млн АҚШ долларына немесе 0,8%-ға өсті. Бұл – осы жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығындағы көрсеткіш. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі "Инстаграм" желісінде жазды.a--sha-zhinau-1-390x220
Биыл өңдеу өнеркәсібі экспортын ұлғайту мақсатында экспортшы кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шаралары аз көрсетілген жоқ. "Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ желісі бойынша индустриялық-инновациялық бағыттағы 29 нысаннан 60 өтінім қабылданған. Жалпы құны 1136,2 млн теңге болатын қолдау шарасы арқылы көлік шығындары мен тауарлар тасымалын өтеуге бағдарланған. Бүгінге дейін бұлардың 36-сы мақұлданды. "Kazakh Export" АҚ желісі бойынша "СарыарқаАвтоПром" ЖШС-нің займдарды қайта сақтандыруға берген өтінімі қабыл етілді. Мақұлданған сома – 400 млн теңге. Әлі 11 өтінім қаралу үстінде.
Осы жылы "Экспорттық акселерация" бағдарламасына Қостанай облысының азық-түлік өнеркәсібі бағытындағы 9 кәсіпорны қатысып жатыр.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓