Ауру алты адамға жұқты

25 қазанда Қостанай облысында 6 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықтады.
COVID-19 індетін жұқтырғандар – Қостанай қаласының тұрғындары. Пациенттер өз еріктерімен жүгініп, тексеруден өткен және тамақ ауруы, дене қызуы, әлсіздік, бас айналу симптомдарына шағым айтқан, сондай-ақ осы дертке бұрынырақ шалдыққан науқастармен байланыста болған.
Осы науқастармен қатынаста болған адамдар анықталып жатыр, бәрі медициналық бақылауға алынады. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасу үстінде. 
2020 жылдың 25 қазанындағы мәлімет бойынша, облыста инфекцияны 3587 адам жұқтырған, олардың 3173-і емделіп шыққан.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓