COVID-19: +5

Қостанай облысында коронавирус инфекциясын 5 адам жұқтырған.
COVID-19 індеті Қостанай қаласының 2 тұрғынынан, Жітіқара қаласында 2 адамнанан,  сондай-ақ Ұзынкөл ауданында 1 адамнан анықталды.
Емделушілер өздігінен медициналық көмекке жүгініп, профилактикалық мақсатта тексерілді, сондай-ақ тамақ ауруы, дене қызуы, әлсіздік, бас айналу белгілері бойынша шағмданған. Олар осы уақытқа дейін науқастанған адамдармен байланыста болған.
Осы науқастармен байланыста болған адамдар анықталуда, барлығы медициналық бақылауға алынады. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғастырылады.
2020 жылғы 21 қазандағы жағдай бойынша облыста COVID-19 кеселін 3562 адам жұқтырған. 3161 адам емделіп шықты.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓