Қ.Тоқаев: Ауыл әкімдерін сайлау науқаншылдыққа айналмасын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін сайлау бойынша науқаншылдыққа жол бермеу керектігін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. сайлау«Ауыл әкімдерін сайлау ары қарай дамуы керек. Алайда оны жүзеге асырамыз деп асығыстық, науқаншылдық танытпау керек. Қазақстанның саяси транформациясы – бір сәттік, популистік акция емес. Бұл реформа – мағынасы жағынан стратегиялық сипатқа ие. Себебі ол ол Қазақстанның демократиялық және өркениетті мемлекет ретінде ары қарай дамуына бағытталған шаруа. Қазақстанның модернизациясы – жастардың мүддесін қорғауды мақсат тұтады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.
Айта кетсек бұған дейін Президент ауыл әкімдерін сайлау — тиімді әрі бекем мемлекеттік институттарды құрудағы маңызды қадам екенін жеткізген еді

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓