Аймақта қандай хабар бар?

Курс аяқталды
Облыста. "Бастау бизнес" жобасының қорытындысы шықты. Биыл Atameken Academy  жүйесі арқылы онлайн режиміндегі курсты 1400 адам оқып, сертификат алды. Олардың жартысына жуығына қаржылай қолдау көрсетілді. 520 курсшының әрқайсысына 200 АЕК көлемінде грант берілді. 178 түлек несие алып, тағы үшеуі "БЖК –2025" бағдарламасының гранттарын иеленді.
 
Жаңа мектеп ашылады
Қостанай. Юбилейный шағын ауданында ірге көтерген 1200 орындық №27 жаңа орта мектеп желтоқсан айында ашылады. Мектеп құрылысына 3,1 млрд теңге жұмсалған. Мектепке оқушыларды тіркеу 14 қазаннан бері жүргізілуде. Осы кезге дейін 580 оқушы тіркелген. Қабылдау әлі екі ай жалғасады.
 
Коллледж тарихы – кітапта
Рудный. Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің 80 жылдығына орай, оқу орнының тарихы туралы қос томды кітап таныстырылды. Алғашқы том 1940-1970 жылдарды қамтиды және Меңдіқара педагогикалық училищесінің тарихына арналған. Екінші кітап Рудныйға көшірілгелі бергі тарихын баяндайды. Авторы – тарих ғылымдарының докторы Айдар Айтмұхамбетов.
 
12 жол жөнделді
Меңдіқара. Ауданға қарасты ауылдарға кірер жолдарды және Боровской ауылы көшелерін жөндеуге республикалық және аудандық бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлінді.  Қалпына келтірілуі тиіс 6 көше және 5 ауыл дәлізіндегі жұмыстар аяқталды. Тек Теңіз елді мекеніне кірер жол жөнделуде. Келер жылы аудан орталығындағы тағы 3 көше және ауылдарға апарар жолдарды жөндеу жоспарланып отыр.
 
Сиыр атқан "аңшылар"
Науырзым. Дәмді ауылында бөтеннің сиырын атып, етін бөліп алған аңшыларды ұстады. Жайылымнан жануар терісі табылған. Шығын сомасы – 300 мың теңге. Күдікті ретінде Қарасу ауданының екі тұрғыны ұсталды. Олар аң аулауға шыққан. Кейін олжасыз қайтпау үшін қараусыз сиырды нысанаға алыпты. Сойылған сиырдың еті иесіне қайтарылды. Қазір тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
 
Балыққа барып, налып қайтты
Жангелдин. Шортанды бөгетінде көліктері сынып, далада қалған балықшыларды жергілікті құтқарушылар іздеп тапты. Балық аулауға арнайы келіп, сәтсіздікке ұшыраған 3 рудныйлық түнгі 3-те Торғай кентіне жеткізілді. Құтқарушылар тобы жапа шегушілерге көмектесу үшін 100 шақырым жолды артқа тастаған. Балықшылардың жағдайы жақсы.
 
Танысына пышақ жұмсады
Жітіқара. Алкогольдік ішімдікке мас болған 58 жастағы ер адам дәріхана ішінде 53 жастағы әйел кісіні пышақпен жарақаттады. Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы күдікті мен жапа шегушінің таныс екенін анықтады. Әйел адам ауруханаға жеткізілді. Жағдайы қалыпты. Күдікті ұсталып,үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓