Ардагерлер кеңесінде жаңа төраға

Бүгін «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалының V пленумы болып өтті.80dbae93-5a5b-4a4c-84be-3da1305fa118
Пленум жұмысына Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Амангелдіқызы Есімова, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен аумақтық ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысты.8ecdb7f6-5316-4b39-bc25-30fe98af2380
Облыстық ардагерлер кеңесін 11 жыл бойы өңірге танымал Кенжебек Үкіұлы Укин басқарып келді. Ол – жас қазақстандықтарға үлгі болып табылатын білікті, сауатты, жоғары кәсіби, нағыз патриот адам. Бүгін Үкин Кенжебек Үкіұлы денсаулығына байланысты облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметінен кетті.
Осыған орай, пленум аясында қатысушылар ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметіне үміткер Ахметов Батырбек Мықансалықұлының кандидатурасын қолдап, бірауыздан дауыс берді.903c8799-fdaf-4a75-92b7-cdbea3cc93bd 8c209894-dce7-4b4b-a0bf-3b75c16a5ef8Батырбек Мыңсалықұлы – жарты ғасырға жуық жұмыс тәжірибесі бар, өңіріміздің дамуына үлкен үлес қосқан білікті басшы. «Парасат», «Құрмет» ордендері мен «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі, т.б. иегері.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓