Болашақ буынға басымдық көп

сайт1
Менің ойымша мемлекетімізде болашақ Парламенттің тиімді және сапалы жұмысына әсер ететін маңызды өзгерістер болғалы тұр. Ең алдымен, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша парламенттік оппозиция институты әзірленіп, заң жүзінде бекітілді. Бұл Қазақстанда «Халық үніне құлақ астын мемлекет» тұжырымдамасына басымдық беріп, сөзден іс-әрекетке көшті дегенді білдіреді.
«Парламентті тыңдаудың» барлық алғышарттары бар. Қазақстанның болашақ Парламентінің заңнамалық шығармашылығына ықпал ететін тағы бір маңызды фактор – «Nur Otan» партиясы өткізген партияішілік іріктеу-праймериз деп санаймын. Партиялық тізімдерге кандидаттарды объективті іріктеу кезінде егеменді Қазақстанды танытуға мүдделі батыл, бастамашыл адамдар кіруі тиіс. Елеулі және маңызды демократиялық қадамдардан кейін уақыт пен қоғам жаңа өзгерістерді талап ететініне күмән жоқ және мен бұған сенемін.
Өз басым праймеризге қатысып, көптеген іскер жастар мен нәзік жандылармен танысу құрметіне ие болдым. Біздің қоғамды құру үшін тәжірибені, білімді, көзқарасты пайдаланбау дұрыс болмас еді. Уақыт талабы бар. Кейінгі буынды заңнамаға, мемлекетті басқаруға тартудың ежелден келе жатқан озық дәстүрлері бар. Егер мемлекет бүгін болашаққа жағдай жасаса, онда мұндай мемлекет ешқандай қиындыққа мойымасы анық. Абай атамыздың «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деген асыл сөздері бар. Ал Мағжан: «Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күштi қанатты. Мен жастарға сенемiн!» деп бекер айтпаған болар.
 
Бауыржан Тебеев,
«Қостанай велоқауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓