Кісі өмірінің арашасы 

 Рудный қаласының учаскелік инспекторы Айдос Құлымбетов қала тұрғынына алғашқы медициналық көмек көрсетіп, өмірін сақтап қалды.  Аман қалған азаматтың жұбайы Светлана Комисарова полиция қызметкеріне ризашылығын білдірді. c026f3e3-3a62-4389-b620-702949eda7a0"Күйеуім екеуміз таңертең жұмыстарымызбен көшеге шықтық.  Пионерский мен Дзержинский көшелерінің қиылысында күйеуім қатты ауырып, есінен танып қалды. Мен қатты шошыдым, себебі мұндай жағдайда не істеу керегін білмедім", — деп еске алады сол оқиғаны Светлана Владимировна. 
Осы кезде учаскелік полиция қызметкері өз көлігімен өтіп бара жатқан. Ол жағдайдың маңыздылығын тез бағалап, оларға көмектесіп, науқастың есін жиюына амал жасапты.  Содан кейін ол ер адамды ауруханаға апарған. 
— Қазір менің күйеуім ауруханада, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бірақ дәрігерлер егер полицейдің уақтылы әрекеті болмаса, оның салдары жаман болуы мүмкін еді дейді. Айдостың біреудің қайғысына бейжай қарамағаны және күйеуімнің өмірін құтқарғаны үшін зор алғыс айтамын, — дейді Светлана Комиссарова. 
Айдос Құлымбетовтің полицияда қызмет етіп жүргеніне 5 жыл. Дәйім шұғыл жағдайларда жылдам шешім қабылдау оның әдетіне айналған.  
Сонымен қатар, Айдос бұған дейін де кісі өміріне араша түскен. 2018 жылы Ішкі істер министрі адамдарды өрттен құтқарғаны үшін оның төсіне "Ерлігі үшін" медалін тақты. 
"Бұл –менің жұмысым, кез келген жағдайда адамдарға көмектесу – басты міндетім", — дейді Айдос.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓