Куәлікті үйде күтіңіз

Қостанайлықтар мемлекеттік нөмір белгісін және автокөлікті тіркеу туралы куәлікке тысқа шықпай тапсырыс беріп, үйден күтіп ала алады. Бұл жеңілдік eGov.kz. порталда қолжетімді болмақ.1570507797
Мұндай қызмет алу үшін өтінімді ресімдеу қажет, яғни қажетті деректерді толтырып, міндетті түрде тұрғылықты мекенжайды көрсету талап етіледі, сондай-ақ мемлекеттік бажды төлеу қажет.
«Мұндай мүмкіндік «ҰАТ»АҚ әріптестеріміздің арқасында пайда болды. Электрондық үкімет порталындағы «Автомобиль көлігі» кіші бөлімінде, «Көлік және коммуникациялар» бөлімінде жеткізуді ресімдеу үшін «МТНБ мен КҚАТ-ді үйге жеткізу» қызметін таңдап, порталға тіркелу қажет. Сондай-ақ, жаңа және алынатын мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін, көлік құралын тіркеуді, мамандандырылған ХҚКО-ның атауы мен мекенжайды көрсете отырып, барлық міндетті жолдарды толтыру қажет. Бұдан кейін, қызметті төлеу және ЭЦҚ көмегімен немесе бір реттік смс-пароль арқылы сұрау салуға қол қою қажет (екінші жағдайда мобильді азаматтар базасында тіркелу міндетті)», — деп түсіндірді «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалының PR-менеджері Ярослава Богатырева.
Қызмет жеке тұлғаларға қолжетімді. Қызмет көрсету мерзімі –1 жұмыс күні.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓