Шектеу шаралары күшейеді

Қостанай облысында шектеу шаралары енгізіледі. Мұны облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың отырысында мәлімдеді. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.565abccf-4da6-4a92-977b-c3d23227be12
Жедел штаб карантиндік шараларды күшейту туралы шешім қабылдады, оның ішінде:
  1. Күнделікті шектеулер:
— қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс режимін 23 сағатқа дейін қысқарту, залға орнатылатын орындар санын 30-дан асырмау;
— ашық ауадағы аттракциондардың жұмысын тоқтата тұру;
  2. Демалыс күндеріндегі шектеулер:
 — қоғамдық көлік қозғалысына тыйым салу;
— ауданы 2000 шаршы метрден асатын сауда нысандарының, азық-түлік супермаркеттері және олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысын тоқтата тұру;
— азық-түліктік емес және азық-түлік сататын жабық базарлардың жұмысын тоқтата тұру;
— азық-түліктік емес тауарлардың бөлшек сауда нысандарының жұмыс режимін сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін шектеу;
— фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтарының жұмысын тоқтата тұру;
— қоғамдық моншалардың, сауналардың жұмысын тоқтата тұру.49ef83b5-ea3c-47dc-9e1a-7afb757f6f38
Бұл шектеулер 20 қазан к.ні сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.d7006ae6-e106-46f0-9b18-d38088fae475
Айта кетейік, бүгінгі таңда Қостанай облысында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
Жылдың басынан бастап COVID-19 індетімен 3 538 адам ауырғаны тіркелген, 3 198 адам немесе науқастардың 90,4%-ы емделіп шыққан.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓