Жасырын казино әшкереленді (БЕЙНЕ)

Қостанай облысында карантин кезінде жұмыс істеген екі казино әшкере болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі, "Алау" сайтына сілтеме жасап.200820092056375a3685318i
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері арнайы мақсаттағы "Қыран" бөлімшесімен бірлесе отырып, түрлі аумақтарда бір уақытта екі жасырын казиноның заңға қайшы қызметінің жолын кесті.
"Түрлі құмар ойын ұйымдастыру және өткізу үшін іс фигуранттары қала аумағында арнайы орындарды жалға алған. Ойын жабдықтарын қолдана отырып, олар ойынға 10 000 теңгеден кем емес сомаға фишкалар сатып алған ойыншыларды ғана қатыстырған. Содан кейін ақшалай ұтысты білдіретін ауызша келісім жасаған. Тексеріс барысында покерге арналған үстел, ойынға арналған 6 үстел, ойын карталарының 15 колодасы, фишкалар, бейнежазбалары бар ресивер, ойынға тігілген мөлшерлемелер туралы жазбалары бар журнал және блокнот, ойын фишкалары бар кейс, Samsung маркалы электронды планшет және ақшалай қаражат анықталып, тәркіленді", — делінген хабарламада.
 
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓