COVID-19: +5

18 қазанда Қостанай облысында коронавирус инфекциясын 5 адам жұқтырды.
Қарабалық ауданынан 2 адам,  Жітіқара, Қарасу аудандарынан және  Лисаков қаласынан 1 адамнан COVID-19 індетімен сырқаттанды.
Емделушілер өздігінен медициналық көмекке жүгініп, профилактикалық мақсатта тексерілді, сондай-ақ тамақ ауруы, дене қызуы, әлсіздік, бас айналу белгілері бойынша шағымданған. Олардың бұған дейін ауырған адамдармен байланыста болғаны анықталды.
Енді осы науқастармен байланыста болған адамдар анықталуда, барлығы медициналық бақылауға алынады. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғастырылады.
2020 жылғы 17 қазандағы жағдай бойынша, облыста COVID-19 дертімен 3543 адам ауырған. 3052 адам емделіп шықты.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓