8 мың мұғалім диктант жазды

Қостанай облысының 8 мыңнан астам педагогы «Абай Құнанбайұлы – ұлы тұлға» тақырыбында диктант жазды. Бұл туралы облыстық Білім басқармасының "Фейсбук"желісіндегі парақшасында жазылды.121741040_396083228219754_7115899248591572225_o
Басқарманың әдістемелік кабинеті ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған он күндік шеңберінде мұғалімдерге мектеп партасына отыруды ұсынған-ды. Диктантқа тек пән мұғалімдері қатысты.122004041_396083194886424_4297399140753588055_o
"Жалпы, өңір бойынша диктантты 819 білім беру ұймының 8041 педагогы жазды, — дейді облыстық Білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру әдістемелік кабинетінің өкілі Сәуле Дастанбаева. — "Рухани жаңғыру" республикалық сайтының шығарушы редакторы Сұлтан Мұстафиннің "Хакімнің өмірі, шығармашылығы, ойы мен мектебі жайлы аз-кем ой" атты мақаласы үзіндісінің қазақ тіліндегі аудиожазбасы 14 қазанда біздің сайтта орналастырылды. Дәл сол күні әр қатысушы оны тыңдап, содан кейін сканерленген түрде жазылған жұмысын бізге тексеруге жіберді. Қорытындылай келе, қатысушылардың 85 пайызы диктантты "үздік" бағаға жазды. Осы іс-шараның мақсаты – қазақ әліпбиін насихаттау, сонымен қатар бүгінде өзекті болып отырған ұлы ойшыл мен ақынның адамгершілік-философиялық ойларына мұғалімдердің назарын тағы да аудару болды".121887807_396083238219753_6223411458266893711_o

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓