Жаңа баспана берілмек

Меңдіқара ауданында салынып жатқан 16 пәтерлі екі қабатты тұрғын үй жақында пайдалануға берілмек. Аудан әкімі Нұрлан Қатарбеков бастаған басшылар үйдің ауласына 43 түп қарағай көшетін отырғызды.top_4b377a8b493875893dbf184e07e1a95d
Көшеттер отырғызылған жер болашақта жасыл желекке оранып, әдемі аллеяға айналмақ. Аудан әкімі Нұрлан Қатарбеков «қоршаған ортаның тазалығы және абаттандыру жұмыстарымен кез келген тұрғын айналысуы керек» деп есептейді. Соның ішінде мемлекеттік қызметшілердің де үлес қосқаны абзал. Көп қабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Демек, қоныс той тойланатын күн де алыс емес. Пәтерлер баспана кезегінде тұрғандарға, көп балалы отбасыларға және жетім балаларға берілмек.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓