COVID-19: тағы 4 адам жұқтырды

13 қазанда Қостанай облысында коронавирус инфекциясы 4 адамнан анықталды.ковидCOVID -19 індетімен сырқаттанғандар – Қостанай қаласының 2 тұрғыны және Жітіқара қаласы мен Әулиекөл ауданынан 1 науқастан.
Емделушілер өздігінен медициналық көмекке жүгініп, профилактикалық мақсатта тексерілді, сондай-ақ тамақ ауруы, дене қызуы, әлсіздік, бас айналу белгілері бойынша шағымданған. Олардың осы уақытқа дейін ковидпен ауырған адамдармен байланыста болғаны анықталды.
Осы 4 науқаспен байланыста болған адамдар анықталуда, барлығы медициналық бақылауға алынады. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғастырылады.
2020 жылғы 13 қазандағы жағдай бойынша, облыста COVID-19 дертін 3527 адам жұқтырған. 2942 адам емделіп шықты.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓