Б.Майлин ауданын жаңа әкім басқарады

Бейімбет Майлин аудандық мәслихат депутаттарымен келісе отырып, Қостанай облысы әкімінің өкімімен Бейімбет Малин ауданының әкімі лауазымына Қайсар Батырханұлы Мұржақыпов тағайындалды. Оны бүгін аудан активінің жиналысында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов таныстырды.​ Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.323924ea-c33d-49b0-b77a-74c99f077318
Қайсар Мұржақыпов 1985 жылы 3 маусымда Қостанай облысы Қостанай ауданы Алтын Дала ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Ахмет Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Экономика» және «құқық» мамандықтары бойынша бітірген.a1dc7428-3423-4172-bc96-55e7aab3c673
Бұрын Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.7d9fc30d-512a-4d27-8745-d11bbaf3c15a
Естеріңізге сала кетейік, Бейімбет Майлин ауданының бұрынғы әкімі Қуандық Испергенов Рудный қаласының әкімі болып тағайындалған еді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓