Жылқыны жетектеп кеткен

ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша Департаментінің әскери қызметшілері жылқы ұрлаған ұрыны ұстады. Оқиға осы жылдың 2 қазанында болған. Қарабалық аудандық полиция бөліміне екі бас жылқының ұрланғаны туралы ақпарат түседі.
2019111514415441721_ff2652642fa13b4b
– Шекарашылар мен ішкі істер қызметшілерінің жедел іздестіру шараларының арқасында көп уақыт өтпей Ресей Федерациясымен шекараға жақын маңда жылқылардың байлаулы тұрғаны анықталады. «Тобыл» және «Аят» шекара бөлімшелерінің әскери қызметшілері  жылқыларды ұрлаған күдіктінің келуін күтеді. Тәртіп сақшылары сол маңдағы қалың қамысқа бой тасалайды. Келесі күні ұрлаған жылқыларға келген жергілікті тұрғын ұсталды, — дейді ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облыстық Департаменті майоры Манарбек Қарекенов.
Қазір осы дерек бойынша құзыретті органдар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓